
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Серена Уильямс атындағы топта топ жарып, WTA-2025 қорытынды турнирінің жартылай финалына мерзімінен бұрын шықты.
Америкалық Аманда Анисимова Мэдисон Кизді 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңгеннен кейін, Рыбакинаның келесі кезеңге өтуі ресми түрде белгілі болды.
Отандасымыз топтық кезеңде екі жеңіске жетті:
– Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты;
– Польшалық Ига Швентекті 3:6, 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Бұл — қазақ теннисі тарихындағы жаңа белес. Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.



