Спорт Министрі | Бес қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына жолдама алды
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Бес қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына жолдама алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында дзюдодан Қазақстан құрамасының бес спортшысы финалға шықты.

Алтын медаль үшін келесі дзюдошылар күреседі:
– 50 кг дейін: Әділжан Нұрбекен
– 55 кг дейін: Аслан Ерғалиев
– 48 кг дейін: Алуа Балтабай
– 66 кг дейін: Бекәлі Еркен
– 52 кг дейін: Фатима Сұпығалиева

Сонымен қатар, 44 келіге дейінгі салмақта Інжу Сахабадин мен 40 келіге дейінгі салмақта Әдия Жанахмет қола жүлде үшін татамиге шығады.

Финалдық және үшінші орын үшін белдесулер Манама қаласында бүгін кешке өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button