КҮРЕСТРЕНДТЕ

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ризабек үшінші орын үшін өткен белдесуде Иран өкілі Аболфазл Бабалуды 7-1 есебімен жеңді.

Осылайша қазақстандық балуан жастар арасындағы әлем біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button