Спорт Министрі | Рамазан Айнегов жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Рамазан Айнегов жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында триатлоннан Қазақстан құрамасының өкілі Рамазан Айнегов күміс медаль иеленді.

Жарыс «суперспринт» бағдарламасы бойынша өтті. Қазақстан атынан сынға түскен екі спортшының ішінде Рамазан Айнегов екінші болып мәре сызығын кесті. Артем Бедрин жарысты жетінші орында аяқтады.

Біріншілік жеңімпазы қытайлық Ли Янсон болса, оңтүстіккореялық Ву Хён Кан үздік үштікті қорытындылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button