
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Юсуф Мациев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.
97 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық балуан финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде украиналық Егор Якушенкомен күш сынасты. Тартысты өткен финалдық белдесу 6:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде бар. Бұған дейін 72 келіге дейінгі салмақта Мерей Мәулетханов қола медаль жеңіп алған еді.



