
Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен алғашқы медалін жеңіп алды.
72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мерей Мәулетханов қазақстандық команданың қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Қола үшін өткен белдесуде отандасымыз ресейлік Данил Григорьевті айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионатының қола медалін иеленді.



