ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын алды

УЕФА Чемпиондар лигасы. 3-тур
«Қайрат» (Қазақстан) – «Пафос» (Кипр) — 0:0

Алматыда өткен матчта алаң иелері ерте кезеңнен бір ойыншымен ойнауға мәжбүр болды — 4-минутта Коррея қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды.

Соған қарамастан, «Қайрат» қорғаныста сенімді ойнап, қарсыласына мүмкіндік бермей, негізгі кезеңдегі алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Ал «Пафос» құрамасының еншісінде енді екі ұпай бар.

Келесі турда алматылықтар 5 қараша күні Италияның «Интеріне» қарсы сынға түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button