БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы матчын өткізді

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында гандбол жарыстары басталды.

19 қазанда өткен топтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Кувейт командасымен кездесті. Тартысты өткен ойында отандастарымыз тәжірибелі қарсыласына 26:42 есебімен жол берді.

Жас қазақстандық гандболшылар енді келесі кездесулерде өз нәтижелерін жақсартуға және жартылай финал жолдамасы үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button