БАСҚАЛАРЫ

Әлиям Әзізова Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнін сәтті бастады.

Пенчак силат спорт түрінен ел намысын қорғаған Әлиям Әзізова 55 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда Камбоджа спортшысы С. Деттен айқын басым түсті. Осы жеңістің арқасында ол жартылай финалға жолдама алды.

Ал дәл осы салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Абдурахман Әбжанов индонезиялық Видатқа қарсы өткен кездесуде 30:74 есебімен ұтылып, жарысты тоқтатты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button