
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 сериялы турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Жұптық сында өнер көрсетіп жүрген Данилина мен сербиялық Александра Крунич 1/8 финалда германиялық Лаура Зигемунд пен америкалық София Кениннен 6:2, 7:5 есебімен басым түсті.
Осылайша, қазақстандық теннисші жарыстың 1/4 финалында америкалық Николь Меличар-Мартинез және ресейлік Людмила Самсонова дуэтімен кездеседі.