Спорт Министрі | Қасым-Жомарт Тоқаев WADA президенті Витольд Баньканы қабылдады
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қасым-Жомарт Тоқаев WADA президенті Витольд Баньканы қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банькамен кездесті. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.

Мемлекет басшысы WADA-ның спорттағы допингке қарсы жаһандық күрестегі негізгі рөлін атап өтті. Ол Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен агенттік арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды қадам екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің таза спорт қағидаттарын сақтау және тәртіп бұзушылармен жүйелі күрес жүргізу бағытындағы қызметін жоғары бағалады. Президенттің пікірінше, бұл қағидаттар тек спортшылар үшін ғана емес, әлемдегі миллиондаған жанкүйерлер үшін де маңызды.

Өз кезегінде WADA президенті Витольд Банька Қазақстанның агенттік бастамаларын тұрақты түрде қолдап келе жатқанына ризашылығын білдіріп, елдің спорттық құрылымдарымен өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға және Қазақстанның WADA-ның сенімді серіктесі ретіндегі мәртебесін нығайтуға дайын екенін растады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button