Спорт Министрі | Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен үстел теннисінен командалық Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз өнерін аяқтады.

Ерлер құрамасы ширек финалға шығу үшін Солтүстік Корея командасымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліс тапты.
Кирилл Герасименко өз матчында Хэм Ю Сонды 3:0 есебімен ұтқанымен, қалған кездесулерде жеңіссіз қалды.
Алан Құрманғалиев пен Кирилл Герасименко тартысты өткен ойындарда небәрі бір партия айырмасымен қарсыластарына жол берді.
Санжар Жұбанов Чон Чон Бомнан 0:3 есебімен ұтылды.

Кейін қазақстандықтар Сингапур құрамасымен кездесіп, 2:3 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде ерлер командасы Азия чемпионатын 10-орынмен аяқтады.

Ал әйелдер құрамасы өз тобында екінші орын алып, 11–14-орындар үшін жарысты жалғастырды.
Иранмен өткен кездесуде 1:3 есебімен жеңіліп, кейін Макао командасынан 3:0 есебімен басым түсті.
Осы нәтижемен Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты 13-орынмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button