Спорт Министрі | Теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында өткен ITF Juniors сериясының J300 санатындағы жасөспірімдер турнирі аяқталды. Финалда Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченмен кездесіп, 6:2, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл — Нұрланұлының хард төсенішіндегі қатарынан екінші жеңісі. Өткен аптада ол Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 турнирінде де топ жарған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button