Спорт Министрі | Қазақстан су добынан Азия чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан су добынан Азия чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады.

Жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасымен кездесті. Нәтижесінде қарсылас команда 14:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді Қазақстан құрамасы қола медаль үшін Таиланд командасымен кездеседі. Таиландтықтар өз жартылай финалында Жапониядан жеңілген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button