БАСҚАЛАРЫ
Қазақстанның ерлер құрамасы тректегі велоспорттан әлем чемпионатына қатысады

Сантьяго қаласында (Чили) өтетін тректегі велоспорттан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының құрамы белгілі болды.
Ұлттық құраманың бапкерлер штабы жарысқа жеті спортшыны тіркеді. Жүлде үшін келесі атлеттер сынға түседі:
- Рамис Дінмұхаметов
- Дмитрий Носков
- Әлішер Жұмақан
- Илья Карабутов
- Кирилл Курдиди
- Рамазан Мұхтар
- Данияр Шаяхметов
Дүниежүзілік дода 22–26 қазан аралығында өтеді. Қазақстандық велоспортшылар бүгінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, әлем чемпионатына дайындықтарын пысықтап жатыр.