
11-12 қазан күндері Астанада семсерлесуден «Мықтылар турнирі» атты халықаралық жарыс ұйымдастырылады.
Байрақты додада ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынады. Жарысқа Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Гонконг және Қырғызстанның үздік семсерлесушілері қатысады.
Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен ұлттық чемпиондар, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері мен тәжірибелі спортшылар шақырылған. Сонымен қатар шетелден арнайы келген қатысушылар да бақ сынайды.
«Мықтылар турнирі» Назарбаев Университетінің Атлетикалық кешенінде өтеді.