Спорт Министрі | Қазақстан құрамасы дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Перудің Лима қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жекелей сайысы өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы бұл сында бір жүлдеге қол жеткізді. Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова күміс медаль иеленіп, ел қоржынына алғашқы және жалғыз награданы салды.

100 келіге дейінгі салмақта Асқар Біржанов қола жүлде үшін өткен белдесуде Өзбекстан спортшысы Мұхаммадали Зоировқа жол беріп, бесінші орынға ие болды.

Жарыстың келесі кезеңінде Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыстарда бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button