Спорт Министрі | Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңдегі соңғы кездесуін өткізді.

Қазақстандықтар Қытай құрамасымен кездесіп, 6:23 есебімен жеңіліс тапты. Соған қарамастан, ұлттық құрама топтық кезең нәтижесінде үш ұпай жинап, ширек финалға жолдама алды.

B тобында Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Таиландқа 12:14 есебімен есе жіберген еді. Кейін Гонконг құрамасын 21:10 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button