
Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден табысты өнер көрсетті.
5 қазан күні өткен жарыстар қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды. Командалық сайыста (техникалық бағдарлама) ұлттық құрамамыз алтын жүлдеге ие болды.
Аралас жұптар арасындағы техникалық бағдарламада Эдуард Ким пен Карина Магрупова күміс медаль еншілесе, әйелдер жұптар сайысында Арина Пушкина мен Ясмин Тұяқова қола жүлдеге қол жеткізді.