
Перу астанасы Лимада өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін иеленді.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық дзюдошы Дана Әбдірова финалға дейін жетті. Ол жартылай финалда бразилиялық Джиованна Андрадені айқын басымдықпен жеңді.
Алайда шешуші белдесуде жапониялық Мио Шираканеге жол беріп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.