
Қазақстандық спорттық гимнаст Милад Карими Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен Challenge кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды.
Ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі кермедегі жаттығулар финалында тамаша өнер көрсетіп, 14.750 ұпай жинады. Осы нәтижесімен ол бірінші орынға ие болды.
Екінші орынға колумбиялық Анхель Барахас (14.650), үшінші орынға чилилік Луциано Летелье (14.250) жайғасты.
Айта кетейік, осы турнирде бұған дейін қазақстандық Дмитрий Патанин еркін жаттығуларда топ жарған болатын.



