
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды.
Ол 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.
Финалда Сұлтанғали Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевті 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.