БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық жас үстел теннисшілер Грузиядағы халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан құрамасы Батумиде (Грузия) өтетін WTT Youth Contender Batumi халықаралық турнирінде сынға түседі.
Жарыста жүлделер 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша сарапқа салынады.
Батумидегі додаға Әзірбайжан, Англия, Болгария, Голландия, Грузия, Үндістан, Израиль, Қырғызстан, Литва, Молдова, БАӘ, Польша, Словакия, Солтүстік Македония, Түрікменстан, Түркия, Украина және Франция спортшылары қатысады.
Турнир 18-21 қыркүйек аралығында өтеді.



