БАСҚАЛАРЫ
«Жетісу» мен «Қайсар» тең түсті

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында Талдықорғанда өткен матчта «Жетісу» мен «Қайсар» командалары тең түсті – 1:1.
Кездесудің 11-минутында алаң иелері сапынан Чочиев пенальтиден есеп ашты. Алайда көп ұзамай, 23-минутта қонақтардан Жақсылықов таразы басын теңестірді.
54-минутта «Жетісу» ойыншысы Әнуарбеков алаңнан қуылып, командасы бір ойыншымен қалды. Соған қарамастан, матч соңына дейін есеп өзгерген жоқ.



