ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстанның 18 дзюдошысы Ташкенттегі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасының Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшыларының алдын ала тізімі жарияланды.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, 19–21 қараша аралығында өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 18 дзюдошы қорғайды. Олардың тоғызы ерлер, қалған тоғызы әйелдер арасындағы жарыстарға қатысады.

Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі:

Ерлер:

  • 60 келі – Әлішер Тұрсынәлі

  • 66 келі – Ролан Қайырғали, Ерасыл Ержанов

  • 73 келі – Мұхамедәли Закиров

  • 81 келі – Омар Нұрбергенов, Досбол Балғабай

  • 90 келіден жоғары – Әділжан Жаудинов

  • 100 келі – Санжар Еруланұлы, Асқар Біржанов

Әйелдер:

  • 48 келі – Айнара Сейітжанова, Айзат Наукенова

  • 52 келі – Нұрбала Зайнул

  • 57 келі – Зарина Мұрадасыл

  • 63 келі – Айдана Абиханова, Дамеля Асылханова

  • 70 келі – Шынар Бітімбай

  • 78 келі – Гүлсезім Тұрлыбек

  • 78 келіден жоғары – Руслана Махатова

Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінде әртүрлі салмақ дәрежесінде жүлделер үшін таласады.

Айта кетейік, Ташкенттегі әлем чемпионаты 19 қарашада басталып, 21 қарашада аяқталады. IJF жариялаған қатысушылар тізімі әзірге алдын ала жасалғандықтан, жарыс басталғанға дейін ұлттық құрама сапында өзгерістер болуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button