ҚЫСҚЫ СПОРТ

Қазақстанның он шорт-трекшісі жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында бақ сынайды

Қазақстан құрамасы шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының 2026/27 жылғы маусымдағы алғашқы кезеңіне қатысады. Халықаралық жарыс 6–8 қараша аралығында Италияның Бормио қаласында өтеді.

Маусымның алғашқы додасында Қазақстан намысын он спортшы қорғайды. Ұлттық құрама сапына бес қыз және бес ұл енген.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қыздар:

  • Даяна Айтыбек

  • Нұрия Алпысбай

  • Алина Лишенко

  • Раяна Манарбекова

  • Меруерт Сансызбаева

Ұлдар:

  • Әліби Әлімгереев

  • Жанарыс Мағжан

  • Максим Саенко

  • Жандос Серекпаев

  • Мейіржан Төлеген

Бормиодағы жарыс жас қазақстандық шорт-трекшілер үшін жаңа халықаралық маусымдағы алғашқы маңызды сынақ болмақ.

Әлем кубогының бірінші кезеңі 6 қарашада басталып, 8 қарашада аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button