КҮРЕСТРЕНДТЕ

Айбек Айтбеков грек-рим күресінен U23 әлем чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда әзірбайжандық Эльмир Алиевпен кездесті. Бұған дейін U23 санатында әлем чемпионы атанған қарсыласынан басым түскен Айтбеков жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Қазақстандық балуан финалға дейін де сенімді өнер көрсетті. Ол жарыс барысында ресейлік Алибэк Амировты, жапониялық Сэйма Токухараны және украиналық Евгений Поковбаны жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды.

Айта кетейік, Айбек Айтбеков үшін биылғы маусым табысты өтіп жатыр. Ол бұған дейін 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында да алтын медаль иеленген болатын.

Осылайша, қазақстандық спортшы 2026 жылы өз жас санатында Азия және әлем чемпионы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button