ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Елдос Сметов Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар тізіміне енді

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтетін дзюдодан Grand Slam турниріне қатысуы мүмкін.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 29-31 қазан аралығында өтетін жарысқа тіркелген спортшылардың алдын ала тізімін жариялады. Оған Қазақстан ерлер құрамасының жеті дзюдошысы енген.

Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі:

* 60 келі: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар

* 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Ақылжан Жұбатқанов

* 81 келі: Жалғас Қайролла

* 90 келі: Айдар Арапов

* 100 келі: Марат Байқамуров

Абу-Дабидегі «Үлкен дулыға» турнирі 29 қазанда басталып, 31 қазанда аяқталады.

Айта кетейік, жарияланған тізім алдын ала жасалғандықтан, жарыс басталғанға дейін Қазақстан құрамасының сапында өзгерістер болуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button