БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанып, Қазақстан рекордын жаңартты

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Ол тасжолдағы велоспорттан топтық жарыста бірінші орын иеленді.

Бұл Луценконың Азия ойындарындағы алтыншы чемпиондық атағы болды. Осы нәтижеден кейін ол жазғы Азия ойындарында ең көп алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы атанды.

Бұған дейін рекорд каноэші Константин Негодяевқа тиесілі еді. Ол Азия ойындарында бес рет чемпион болған: 1994 жылы Хиросимада үш, 1998 жылы Бангкокта екі алтын медаль жеңіп алған.

Луценко Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында бұған дейін жекелей уақытқа жарыста да топ жарды. Ол осы бағдарламада 2014, 2018 және 2022 жылдары да чемпион атанған. Сондай-ақ 2018 жылғы Азия ойындарында топтық жарыстың алтынын, ал 2022 жылы осы бәсекенің күміс жүлдесін иеленген.

Осылайша, Алексей Луценко жазғы Азия ойындарында алты алтын медаль жеңіп алған тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды.

Фото: Владислав Семенов

Басқа жаңалықтар

Back to top button