БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан әйелдер құрамасы скиттен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында стенд атудан күміс медаль жеңіп алды.

Скит бағдарламасындағы командалық сайыста Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаева Қазақстан намысын қорғады.

Командалық есеп үш спортшының іріктеу кезеңінде көрсеткен нәтижелері бойынша анықталды. Қазақстан құрамасы 336 ұпай жинап, екінші орын иеленді.

Алтын медаль 357 ұпай жинаған Қытай құрамасына бұйырды. Үндістан спортшылары 331 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Фото: Сали Сабиров

Басқа жаңалықтар

Back to top button