АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстанның ауыр атлетика құрамасының Азия ойындарына қатысатын спортшылары анықталды

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшыларының тізімін жариялады.

Ерлер арасында Қазақстан атынан бес ауыр атлет сынға түседі. 60 келіге дейінгі салмақта Өтепберген Әлиев, 65 келіде Сайрамкез Ақмолда, 75 келіде Бексұлтан Айтбай жарысқа қатысады. 85 келіде Алексей Чуркин, ал 95 келіге дейінгі салмақта Нұрғиса Әділетұлы ел намысын қорғайды.

Әйелдер құрамасына да бес спортшы енді. 57 келіге дейінгі салмақта Екатерина Алякина, 69 келіде Арай Нұрлыбекова, 77 келіде Аянат Жұмағали, 86 келіде Айғаным Жанболат өнер көрсетеді. 86 келіден жоғары салмақта Любовь Ковальчук жарыс жолына шығады.

Осылайша, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарына он спортшымен қатысады.

2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button