
Қазақстан ұлттық құрамасының Молдоваға қарсы өтетін матчына балаларға арналған арнайы тариф енгізілді.
6 мен 15 жас аралығындағы балалар үшін «Астана Арена» стадионының Е2 төменгі және Е2 жоғарғы секторларындағы билеттерге 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.
Балалар тарифімен алынған билет арқылы стадионға кіру кезінде баланың жасын растайтын құжатты көрсету қажет. Сондай-ақ бала матчқа жауапты ересек адаммен бірге келуі тиіс.
Ал 6 жасқа дейінгі балалар стадионның барлық секторына тегін кіре алады. Алайда оларға жеке орын берілмейді.
Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы кездесу 2 қазанда Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Билеттер «Яндекс Афиша» платформасында сатылып жатыр. Билет бағасы 2500 теңгеден басталады.



