БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Алматыда ерлер арасындағы спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Жарыста көпсайыс және жекелеген жаттығу түрлері бойынша үздіктер анықталды.

Жекелей көпсайыста Алматы өкілі Ильяс Азизов топ жарды. Ол 80,599 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. Павлодар облысының спортшысы Нуртан Идрисов 80,598 ұпаймен екінші орын алды. Оның командаласы Роман Хегай 79,066 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.

Еркін жаттығуда Нуртан Идрисов чемпион атанды. Екінші орынға алматылық Асан Салимов, үшінші орынға Милад Карими тұрақтады.

Ат снарядындағы жаттығуда шымкенттік Дияс Тойшыбек жеңіске жетті. Зейнолла Идрисов күміс, Роман Хегай қола медаль иеленді.

Сақинадағы бәсекеде Нуртан Идрисов тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Павлодар облысының өкілдері Роман Маменов пен Артем Ковалев тиісінше екінші және үшінші орындарға ие болды.

Қол тіреп секіруде Асан Салимов үздік нәтиже көрсетті. Шымкенттік Алтынхан Темірбек екінші орын алса, Фарух Набиев пен Нуртан Идрисов қола жүлдеге ие болды.

Қоссырықтағы жаттығуда Роман Хегай бірінші орын алды. Ильяс Азизов күміс, Алишер Тойбазаров қола медаль жеңіп алды.

Кермедегі жаттығуда Шымкент өкілі Фарух Набиев чемпион атанды. Алтынхан Темірбек екінші, Семург Каримов үшінші орыннан көрінді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button