БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық велошабандоздар жасөспірімдер арасындағы Азия кубогында 11 медаль жеңіп алды

Таиланд астанасы Бангкокта тректегі велоспорттан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы жарыста сәтті өнер көрсетіп, жалпы 11 медаль иеленді. Оның ішінде 5 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлде бар.

Аружан Қабдулова із кесу сайысында және ұпай үшін жарыста қарсыластарынан озып, екі рет жеңімпаз атанды. Мансұр Бралин кейрин жарысында топ жарды.

Командалық спринтте Зейнолла Азаматұлы, Илья Куварин және Мансұр Бралин үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанға тағы бір алтын медаль сыйлады. Жекелей спринтте де Илья Куварин жеңімпаз атанды.

Күміс жүлдеге Аружан Қабдулова (скрэтч), Виталина Хоружая (ұпай үшін жарыс) және Зейнолла Азаматұлы (із кесу) ие болды.

Қазақстандық спортшылар үш қола медаль да жеңіп алды. Скрэтчте Виталина Хоружая мен Әлихан Жүнісов үшінші орын алса, жекелей спринтте Мансұр Бралин қола жүлдегер атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button