
Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.
Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында алтын медаль иеленді. Жарыс барысында Жәния Эма Калужа, Каавья Сарин, Линь Цзяцзюнь, Стелла Пресецки, Ника Грегурец және Петра Липовшчакты 3:0 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық спортшы Сингапур өкілі Хуан Кристалдан 3:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алған еді.



