
Қазақстанның әйелдер арасындағы бокс құрамасы Польшада өткен Silesian Open-2026 халықаралық турнирінде 14 медаль иеленді.
Қазақстандық боксшылар U-17 және U-19 жас санаттарында өнер көрсетіп, 10 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
U-17 санатында Нұрайым Құдайберген (52 кг), Балым Ғабитқызы (60 кг), Мадина Нұрманова (63 кг) және Аяулым Оспанова (70 кг) алтын медальға ие болды.
U-19 санатында Асылай Мұрат (48 кг), Мадина Жұмахан (51 кг), Жанель Имантаева (54 кг), Камила Оспанова (70 кг), Алтынгүл Аймұхан (75 кг) және Зарина Толыбай (+80 кг) чемпион атанды.
Күміс медальдарды Ақнұр Тұрсынғали (60 кг) мен Айдана Убайдуллақызы (80 кг) жеңіп алды. Марал Төлепберген (54 кг) мен Рамина Маханова (57 кг) қола жүлдегер атанды.
Silesian Open-2026 турниріне 18 елден 200 спортшы қатысты.



