ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирінің финалына шықты

Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр.

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар жартылай финалда БАӘ өкілі Георгий Элбакиевтен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Қазақстандық дзюдошы ақтық сында Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевпен кездеседі.

Ал Бақытжан Абдурахманов (73 келіге дейін), Ажар Асхат (70 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін) және Әділет Алмат (81 келіге дейін) финалдық кезеңге өте алмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button