
Қазақстандық спортшылар Сергей Емельянов пен Мария Бровкова байдарка мен каноэде есуден Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы екі финалға жолдама алды.
Сергей Емельянов каноэде жекелей 200 метрге жарыстың жартылай финалында өз тобында 42,99 секунд нәтижесімен үшінші орын алып, шешуші кезеңге өтті.
Мария Бровкова каноэде жекелей 500 метрге жарыстың жартылай финалында 2:19,31 нәтижесімен екінші болып, финалға шықты.
Бұған дейін Мария Бровкова мен Ульяна Киселева каноэде жұптық 200 метрлік жарыстың финалына жолдама алған еді.
Сергей Емельянов 28 тамызда, ал Мария Бровкова мен Ульяна Киселева 29 тамызда жүлде үшін таласады.



