ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Оралда дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Орал қаласында дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылады.

Ел біріншілігіне 17 облыстан 600-ге жуық дзюдошы қатысады. Олардың қатарында ұлттық құрама мүшелері Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев, Данияр Шамшаев, Ғалия Тынбаева, Мәди Амангелді, Дидар Хамза, Аружан Ережепова, Камила Берліқаш және Ақерке Рамазанова бар.

Чемпионат қорытындысы 2027 жылы халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғайтын ұлттық құраманың құрамын жасақтау кезінде ескеріледі.

Қазақстан чемпионаты 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Оралдағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button