БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватиядағы турнирде екінші орын алды

Қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды.

U13 жас санатында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жарыс барысында алты қарсыласын қатарынан жеңді. Жәния Эма Калужа, Зита Петрович, Сара Серпана, Стелла Пресецки, Линь Цзяцзюнь және Изабела Пастинаны 3:0 есебімен ұтты.

Финалда Жәния Бекмұхамбетова хорватиялық Лизетт Фазекашпен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирді күміс медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button