БАСҚАЛАРЫ
Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының нәтижесі

Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасының өкілдері үш метрлік тұғырдан секірудің жекелей жарысында іріктеу кезеңіне қатысты.
Илларион Авченко 389,25 ұпай жинап, 32-орынға тұрақтады. Эмиль Касимов 331,65 ұпаймен 41-орын алды.
Финалдық сайыста Германия өкілі Финн Ауэ 359,20 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Ресейлік Матвей Помошников 341,85 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал Фиджи спортшысы Маори Померой-Фалекау 297,50 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты.
Қазақстандық спортшылар 25 тамызда бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында өнер көрсетеді.



