ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Ғабит Расулхан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Эквадордың Гуаякиль қаласында дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды.

Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде бес медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ғабит Расулхан финалда Канаданың өкілі Роман Семирозумды жеңіп, әлем чемпионы атанды.

50 келіге дейінгі салмақта Әділжан Нұрбекен мен 40 келіге дейінгі салмақта Әдия Жанахмет күміс медальға ие болды.

Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін) мен Ахмет Баубек (60 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алғашқы күнін бір алтын, екі күміс және екі қола медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button