
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
1/8 финалда әлемнің екінші ракеткасы Ресей өкілі Диана Шнайдермен кездесті. Екі сетке созылған матчта Рыбакина 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі.



