ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Азим Ниязов таеквондодан Пәкістандағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Азим Ниязов Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан President Cup халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ниязов жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде үш медаль жеңіп алды. Бұған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева қола жүлдегер атанған еді.

Айта кетейік, халықаралық турнир 20 тамызда аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button