ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Таиландтағы жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысады

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) Таиландтың Бангкок қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысушылар тізімін жариялады.
Жарыс 3–5 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы сапында Мария Сосновская мен Ералы Шахимурат өнер көрсетеді.
Қосалқы құрамға Сафия Абаева, Артур Смагулов және Никита Козлов енгізілді.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңдері 20 тамызда Қытайдың Сиань қаласында басталады.



