БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды

Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші медаліне қол жеткізді.

Аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов өнер көрсетіп, 248.1058 ұпай жинады. Осы нәтиже қазақстандық спортшыларға күміс медаль әкелді.

Алтын жүлдені 263.2992 ұпаймен Испания жұбы жеңіп алды. Жапония өкілдері 246.9850 ұпаймен қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Виктор Друзин техникалық бағдарламада үшінші орын алып, Қазақстан құрамасына алғашқы қола медальді сыйлаған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button