
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында жеңіліс тапты.
Бас жүлде үшін өткен кездесуде әлемнің екінші ракеткасы Польшаның өкілі Ига Швёнтекпен күш сынасқан қазақстандық теннисші екі сетте де қарсыласына жол берді.
Матч 2:6, 3:6 есебімен Швёнтектің пайдасына аяқталды.
Осылайша, Елена Рыбакина Торонто турнирінің күміс жүлдегері атанды.



