
Қазақстандық әртістік жүзуші Виктор Друзин Венгрияның Будапешт қаласында басталған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Техникалық бағдарламада өнер көрсеткен отандасымыз 238,5317 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
Алтын медальді Ресей өкілі Захар Трофимов (241,2409 ұпай) жеңіп алса, Испания спортшысы Энеко Санчес Агилар (240,5016 ұпай) күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 12 тамызда басталды. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы техникалық бағдарлама бойынша топтық сайыста да өнер көрсетеді.



