ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таеквондодан Ресейдегі халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Ресейдің Одинцово қаласында өткен таеквондодан халықаралық турнирді үш медальмен аяқтады.

68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Любовь Юн финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Осы салмақта тағы бір қазақстандық спортшы Нұрила Жарас қола медаль жеңіп алды.

Ал 68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген үздік үштікке еніп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде салды.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Одинцовода өткен халықаралық турнирді бір күміс және екі қола медальмен аяқтап, халықаралық жарыстағы табысты өнерін жалғастырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button