
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
1/8 финалда қазақстандық теннисші Ресей өкілі Людмила Самсоновамен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.
Енді Қазақстанның үздік теннисшісі жартылай финал жолдамасы үшін Жапонияның атақты теннисшісі Наоми Осакамен кездеседі.
Айта кетейік, Торонтодағы WTA 1000 турнирі АҚШ ашық чемпионаты қарсаңындағы ең беделді жарыстардың бірі саналады және әлемнің үздік теннисшілерін жинайды.



